Алматы қ., Кармысов Қ. көш., 76/2
Дүй-Жұм 8:30-17:30

Құрылыс және монтаждау

Құрылыс – біздің компанияның бизнес негізі. Біз оған басты назар аударамыз, біз оны үнемі белсенді дамытамыз және жетілдіреміз. Сондықтан сәтті аяқталған ірі жобалардың мол тәжірибесіне иеміз:

  • Алматы және Шымкентте "КаР-Тел" ЖШС қалалық оптикалық желілері,
  • Төртқұдықтағы "КАТКО" ЖШС объект ішілік оптикалық желілер,
  • "Батыс-Транзит" ЖШС Ақтөбе-Үлке ТОБЖ-ӘЖ құрылысы, "KEGOC" АҚ Шу-Алматы, "АЖК" АҚ Таугүл-Ерменсай-Медеу-Таулы қырат ТОБЖ-ӘЖ құрылысы, "ЧППИ Қазақстан" ЖШС Ақтоғай ТКБК - НПС-10, ЭГРЭС-1 – БГОК "Alsim Alarko SanayiTEsislerive TIC AS",
  • "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ Екібастұз станциясының желілік инфрақұрылымы,
  • "Қазақстан-Қытай құбыр желісі" ЖШС Кеңқияқ-Құмкөл, "Транстелеком" АҚ Шар-Өскемен, Қарағанда-Қарағайлы (энергиямен жабдықтау желілерімен бірге), "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ Тассай-Шалқар, "KazTransCom" АҚ Шымкент-Қандыағаш ТОБЖ учаскелері,
  • "Интергаз Орталық Азия" АҚ Қызылорда-Қараұзақ ТОБЖ,
  • Алматы қ. Әкімдігінің "Азиада-2011" объектілеріндегі гибридті ТОБЖ,
  • Алматыда 100 000 абонентке арналған "Қазақтелеком" АҚ GPON/EТТН желісі,
  • "TNS-Plus" ЖШС Өскемен–Қорғос, Үшарал-Достық және Шонжы-Нұра магистралды ТОБЖ.

 

Жоғарыда аталғандар құрылысты салып және жобаны басқара алатындығымызды көрсетеді:

  • энергия желісі, кез келген ауқымдағы байланыс желілері және гибридті желілер;
  • барлық қол жетімді – ашық, кабель төсеу, пневматикалық төсем, КББ, тарту, ілу және т.б. тәсілдермен құбыр желілері және ТОБЖ;
  • әртүрлі кернеудегі жоғары вольтті желілер және шағын станциялар;
  • желілік инфрақұрылымның жеке элементтері (муфталар, кростар және т.б.).

 

Біз ауқымды объектілерден басқа кең инженерлік білімді және арнайы жабдықты талап ететін шағын жұмыс көлемдерін жүзеге асыруды қолға аламыз. Сонымен, біз келесілерді жүзеге асырдық:

  • елдің барлық аумағы бойынша "Қазақтелеком" АҚ магистралды ТОБЖ параметрлерін өлшеу,
  • қолданыстағы түтікке екінші кабельді үрлеу арқылы "Қазақтелеком" АҚ Алматы-Ұзынағаш ТОБЖ модернизациялау (Қазақстан Республикасында алғаш рет!),
  • Алматы қ. Әкімдігінің "Азиада-2011" объектілеріне 110 кВ КЖ бірге ТОБЖ төсеу (Қазақстан Республикасында алғаш рет!).

 

CP алыңыз
Тікелей сатып алуды сұрайсыз ба?*
Тендерге қатысуға өтініш?*
Сіздің өтінішіңіз жіберілді.